«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты викторина


Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында кітапханамыздың оқырмандарымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты викторина өткізілді.

Викторина үш кезеңге бөлінді:
1. «Кім жылдам?» өз ана тілімізге қатысты сұрақтарға жауап беру;
2. «Кім есті?» жұмбақтың шешуін шапшаң тауып, қазақша орысша тілде айту;
3. «Өнер алды — қызыл тіл» тіл туралы мақал‐мәтелді жалғастыру.

Іс‐шара соңында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.