«Тілім менің – ғасырларға аманат» атты сыр сандық


Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде Тілдер күніне орай «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты сыр сандық ұйымдастырылды.

Шараға Шапық Шөкин атындағы мектептің 4-сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Балалар сыр сандықтан жасырылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ, оқушылар тіл туралы өлеңдерін оқып, ана тіліміздің қастерлі мұра екенін айрықша атап өтті.

Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, олардың қуанышына қуаныш қосылды.

Іс-шара жас буынға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттырды.