«Жыр қыраны — Жұбан ақын» атты поэзияға саяхат

Майқайың кітапханасында «Кітап оқып, рухани бай бол» жобасы аясында Ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл (1920-1988) толуына орай «Жыр қыраны — Жұбан ақын» атты поэзияға саяхат өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау, поэзиясының идеялық‐көркемдік ерекшеліктерін ашу. Жастардың отансүйгіштік сезімін, рухани байлығын арттыру, кітап оқуға қызығушылығын ояту.