Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде оқырмандар арасында отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты тағылымды шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы тәрбиесінің маңызын ұғындыру болды.
Іс-шара барысында оқырмандар отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі ұғым екенін айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әрбір қатысушы өз шаңырағындағы татулық пен сыйластықты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты және күнделікті өмірден алынған қызықты сәттерін әңгімелеп берді.
Шараға қатысқан балалар мен жасөспірімдер үшін бұл кездесу ерекше әсерлі болды. Олар өз отбасыларының қадірін түсініп, жақындарына деген сүйіспеншілігін білдірді.
оқырмандар назарына отбасы тақырыбын арқау еткен әдебиеттерді ұсынып, кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бұл шара оқырмандарға рухани ой салып қана қоймай, отбасы – әрбір адамның тірегі әрі бақыт мекені екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.