Қазақтың әрбір сөзі ғасырлар бойы халықтың тұрмыс‐тіршілігімен, өмір‐салтымен, ой‐санасымен біте қайнасып келеді. Қазақ тілін «бай тіл», «ән тіл», «көркем тіл», -деп айтуы бекер емес. Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Өз тілін білмеген халық – жоғалған халық», -деген. Бұл сөздің мәні бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.