«Еңбек түбі — береке» атты кездесу кеші


Еңбек күні – адал еңбекті дәріптейтін, халықты бірлік пен татулыққа үндейтін мереке. Бұл күнде әр салада еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі құрметтеледі. Еңбек – адамның өмірін мәнді ететін, қоғамды алға бастайтын басты күш. Сондықтан еңбек адамын қадірлеу – болашаққа жасалған құрмет.
Еңбек мерекесіне орай Үшқұлын мектеп, ауылдық клуб, кітапхана ұжымдары бірлесе отырып мектеп оқушыларының қатысуымен «Еңбек түбі — береке» атты кездесу кешін өткізді. Кешіміздің қонақтары Үшқұлын ауылдық клубының кіші қызметкері Рахимова Қарашаш Аубәкірқызы және Үшқұлын мектебінің ұстазы Арықпанова Тоқын Ғаббасқызы.