«Талайды тамсандырған әнші Майра» атты өнер сағат

Ертіс‐Баян өңірі – қазақ медениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан талай дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Солардың бірі – қазақ ән өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген дара тұлға, талантты әнші‐композитор, халқымыздың ардақты перзенті Майра Уәлиқызы Шамсуддинова. Биыл ұлт руханиятына үлкен мұра қалдырған өнер иесінің туғанына 135 жыл толып отыр. Осыған орай Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада Ш.Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен «Талайды тамсандырған әнші Майра» атты өнер сағат өткізілді. Шара барысында зейнеткер, ұстаз Макаева Ляззат апамыз «Майра» әнін орындап берді.