2025 жылғы 30 қыркүйек күні Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханада Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. «Балапан» балабақшасының бүлдіршіндері мерекелік бағдарламаға ән-билерімен қатысып, көңіл көтерді. Сонымен қатар С. Торайғыров атындағы мәдениет-сауық орталығының өнерпаздары концерттік нөмірлерін ұсынды.
Кітапхана саласында еңбек еткен ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, арнайы дайындалған бейнематериал назарға ұсынылды. Шара соңында ардагерлерге сыйлықтар табыс етілді.