Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Дәстүр» клубының мүшелерінің қатысуымен «Еңбектің жемісі — бала тәрбиесінде»атты диспут ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың, отбасының, еңбек пен үлгінің маңыздылығын талқылады. Ақ жаулықты аналар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Тәрбиенің бастауы – еңбек пен ізгі қарым-қатынаста екенін, еңбекқорлық – ұрпақ бойына сіңіруі тиіс басты құндылықтардың бірі екені айтылды.Шара жылы жүздесу, ашық пікір алмасу түрінде өтіп, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.