Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде қазақтың әйгілі композиторы, әнші‐ақын, халықтың ардақты ұлы Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Үш жүзге аты мәлім Жаяу Мұса» атты танымдық іс‐шара өтті.
Іс‐шараның мақсаты – жас оқырмандарға халық композиторы Жаяу Мұсаның өнердегі жолын, әділдік пен ерлікке толы өмірін таныстыру, оның елге сіңірген еңбегін насихаттау.
Кітапханашы балаларға арналған қысқаша мәлімет беріп, композитордың өмірінен қызықты деректермен бөлісті.
Балалар Жаяу Мұсаның қай жылы туғаны, неге “Жаяу” атанғаны, қандай аспаптарда ойнағаны туралы сұрақтарға белсене жауап берді.
Кітап көрмеде ерекше көрініс тапқан: Киіз үй макеті, кинолента, ледбук (ақпараттық қалта) және композитор туралы фотосуреттер мен кітаптар қойылып, балалардың қызығушылығын арттырды.
Шара соңында оқушылар «Жаяу Мұса – халықтың ері» атты қысқаша сұрақ‐жауап ойынына қатысып, өз білімдерін сынап көрді.