«Дархан даланың жыршысы» атты әдеби жыр кеші

Торайғыр ауыл кітапханасында әнші, композитор, әртіс, ақын‐импровизатор Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дархан даланың жыршысы» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен әдеби жыр кеші өткізілді.

Ұлы ақын, сазгер, актер Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығын таныстырудың мақсаты, оқырмандарға поэзияға, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, өнер мен сөз қадірін қастерлеуге баулу еді.

Шара барысында оқырмандарға ақынның жырлары мен өлеңдері туралы айтылып, ауыл тумасы оқырман Сыздықов Баянбек ән орындап, Иса Байзақовтың шығармаларынан үзінділер оқылды. Иса Байзақовтың әндері мен өлеңдері – ел жадында сақталған қымбат қазына.