«Қазақ театрының шырақшысы – Қасымхан Шанин» атты әдеби сағат

Лекер ауыл кітапханасы ауыл клубымен бірлесе қазақтың белгілі актері, режиссері Қасымхан Жұматұлы Шаниннің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ театрының шырақшысы – Қасымхан Шанин» атты әдеби сағаты ұйымдастырылды.
Іс‐шара барысында Қасымхан Шаниннің өмірбаяны мен театр саласындағы еңбектеріне тоқталып, оқырмандарға, оның сахнада сомдаған бейнелері мен режиссерлік қызметі туралы мәлімет берді.