Жарылғап ауыл кітапханасында Қазақтың әйгілі халық композиторы, ақын, әнші әрі қоғам қайраткері Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Сегіз қырлы, бір сырлы тұлға» атты библиографиялық шолу өткізілді. Іс‐шара барысында өмір баяны мен шығармашылығы туралы айтылды.