Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде 25 қазан – Республика күніне арналған патриоттық сағаты өтті.
Іс‐шараға Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ‐нің 1-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Күнсұлу Назарбайқызы қатысты.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Балалар әнұранды орындап, еліміздің рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті.
Кітапханашы оқушыларға Республика күні туралы қысқаша мағлұмат беріп, бұл мерекенің еліміздің тарихындағы маңыздылығын түсіндірді. Балалар «Қазақстан», «Отан», «Ту», «Елтаңба», «Әнұран» сөзінің мағынасымен танысып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, шара барысында балалар Отан, туған жер, Қазақстан туралы тақпақтар оқып, бейнеролик тамашалады. Кітапхана қызметкерлері кішкентай оқырмандарға арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесін таныстырды.
Іс‐шара соңында оқушыларға еліміздің болашағы – білімді, елін сүйетін азамат болу керектігі жөнінде жылы тілектер айтылды. Балалар көтеріңкі көңіл‐күймен, мерекенің мәнін түсініп қайтты.