«Заңғар жазушы» атты портреттік сағат

Егіндібұлақ ауыл кітапханасында өлкеміздің танымал майдангер жазушысы, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жас оқырмандардың қатысуымен  «Заңғар жазушы» атты портреттік сағаты өткізілді.

Қалмұқан Исабаев жастайынан әскер қатарына алынып, заманның аумалы‐төкпелі кездерін басынан өткеріп, өмірдің ауыртпалық сынақтарынан аман‐есен еліне оралып, майданда қаруын, бейбітшілік кезеңде қаламын арқау еткен еліміздің дара тұлғасы.
Мақсатымыз: Өлкеміздің дара тұлғасы, Қалмұқан Исабаевтың өмір жолын дәріптеу, қаламынан туған туындыларын жас ұрпаққа насихаттау.