Жаңатілек ауыл кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналған мектеп кітапханасы мен ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлт рухын ұлықтаған қаламгерлер» атты әдеби поэзия кеші өтті.
Шараның мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетіміздің құндылықтарын насихаттау, сондай‐ақ ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан қаламгерлердің өмір жолы мен шығармаларын терең таныту болды.
Кеш барысында оқушылар жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілімін тамашалап, олардың таңдаулы шығармаларынан үзінділер оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар, «Қазақ сөз өнерінің шеберлері» атты кітап көрмесі безендіріліп, жазушылардың кітаптары мен фотоматериалдарына шолу жасалды.
Іс‐шара жылы және рухани атмосферада өтіп, оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігі арттырды. Қатысушылар ұлт тұлғаларының өнегелі өмірінен үлгі алып, шығармашылық шабытқа бөленді.