«Ғалым еңбегі» атты тарихи кеш

Торайғыр ауыл кітапханасында қазақтың тұңғыш ғалымы, демократ‐ағартушы, саяхатшы, этнограф, фольклортанушы, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ғалым еңбегі» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен тарихи кеші өткізілді. Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін кеңінен таныту, оқушылардың туған ел тарихына, ғылым мен білімге деген құрметін арттыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Шара барысында оқырмандар сұрақ‐жауап ойынына қатысып, кітап көрмесіне қойылған 5 томдық шығармалары таныстырылып, насихаталды. XlX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының мәдениеті мен ғылымның жарық жұлдызы. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғалым, Еуразия халықтарының мәдени байланысын зерттеген ұлт перзенті.