Егіндібұлақ ауыл кітапханасында аса көрнекті сазгер, ән жанырының әйгілі майталманы, қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай кітапханамыздың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Қазақ вальсінің корольі» атты композициялық кеші өткізілді.
Халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мәдениетіндегі Шәмші Қалдаяқовтың алатын орны орасан зор. Ол – бүкіл ел құрметіне бөленген дара дарын иесі. Шара барысында жиналған оқырман қауымға ән шамшырағы атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, әндері шырқалды.