«Мұстафа Шоқай – Тәуелсіздік жаршысы» атты тарихи тұлға сағаты

Ақсан ауыл кітапханасында Қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист біртұтас Түркістан азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрестің идеологы Мұстафа Шоқайдың туғанына – 135 жыл толуына орай «Мұстафа Шоқай – Тәуелсіздік жаршысы» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.

Іс‐шара барысында осы тәуелсіздік жолында қаншама жандардың құрбан болған жайында айтылды. Тәуелсіздік аңсаған, елінің бостандығы үшін күрескен тәуелсіздік жаршысы Мұстафа Шоқайдың өмірі жайлы кеңінен насихатталды.