«Кесте тігу өнері» атты дөңгелек үстел

Торайғыр ауыл кітапханасында «Құрдастар» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Кесте тігу өнері» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты халқымыздың қолөнері тоқу, кесте тігу және көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру, салт‐дәстүрді құрметтеп, еңбекке, әсемдікке, талғамға қызығушылықтарын дамыту.
Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше бір түрі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі.