Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада 28‐қараша күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Қазақ вальсінің королі» атты әдеби‐сазды кеші өтті.
Халқымыздың көрнекті сазгері, ән жанрының әйгілі майталманы, 300‐ге жуық әннің авторы, Қазақ вальсінің королі атанып кеткен Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл.
Әдеби жиын Баянауыл ауданының «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» Республикалық бірлестігінің мүшелері мен ән сүйер оқырмандармен атқарылды. Әдеби кеште, қонақтарға Ән аға – Шәмші жайлы қызықты деректер айтылып, кітапхана саласының мамандары арнайы жинақтаған бейнематериалдары назарларына ұсынылды. Сазды кеште оқырмандар мен қонақтар қазақ эстрадасының негізін қалаушы Шәмші ағаның әндерін бірге шырқап, жырларын әуелетті.