«Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы» атты тарихи сағат

Қаражар ауыл кітапханасында Қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс‐шараның мақсаты: Ақын Қадыр Мырза Әлидің еңбекқорлығы мен ұлылығын үлгі ете отырып, жас оқырмандарға шындықты қабылдауға, намысты, әділетті болуға, және ақынның кітаптарын алып оқуға насихаттау. Іс‐шара барысында жас оқырмандарға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы ерекше қызықты мағлұматтар ала отырып, ақынның өлеңдерін оқып, сондай‐ақ, ақынның балаларға жазып кеткен жұмбақтары мен жаңылтапштарын айтты. 9 сынып және 6 сынып оқушылары белсене қатысты.