Егіндібұлақ ауыл кітапханасында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай кітапханамыздың тұрақты жас оқырмандарының қатысуымен «Жыр маржаны төгілді» атты поэзия сағаты өткізілді.
Шара барысында жас оқырмандарға ақынның өміржолы туралы слайд көрсетіліп, ол кісі жайлы мағлұматтар берілді және де өлеңдері мәнерлеп оқылды. Ақын саналы ғұмырында туған еліне өлең сөзімен қызмет еткен, әрдайым ел құрметіне бөленген ардақты поэзия әлемінің аяулы тұлғасы, қазақ халқының жанашыр перзенті.
Мақсаты: Жас ұрпақты Т.Молдағалиевтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, әдебиетке деген қызығушықықтарын арттыру.