Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық сағат өтті.
Шара әнұранмен басталып, оқушыларға тәуелсіздігіміздің тарихы мен маңызы баяндалды. Кітап көрмесі шолуы ұсынылып, қызықты сұрақ‐жауап ойыны ұйымдастырылды.
Оқырмандар тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.