«Тәуелсіздік – тұғырым» атты тарихи кеші

12‐желтоқсан күні Қ.Исабай атындағы орталық аудандық кітапханада «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тарихи кеші ұйымдастырылды.
Іс‐шараға желтоқсан оқиғасының қатысушысы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері Қаерденов Ерғалым Ошақұлы, сондай‐ақ өрт сөндіру қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Ерғалым Ошақұлы Қаерденов 1986 жылғы тарихи оқиға туралы өз басынан өткен жайттарды, күрес пен қуғын‐сүргінге толы қиын кезеңдердің естеліктерін бөлісті.
Шара аясында жас оқырмандар Қайрат Бекарыс және Баширова Диляра өздерінің әсерлі жыр жолдарымен кеш мазмұнын байыта түсті.
Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Тауелсіздік – ұлттың рухы, елдіктің айнасы, жасампаздықтың бастауы». Оны нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.