«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты кездесу кеші

Тәуелсіздік күніне орай Мұса Шорман ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты кездесу кеші өткізілді.

Кеш Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасының кітапханашысы мен Желтоқсан оқиғасының құрбаны Балжан Солтанқызының қатысуымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кеш барысында ауыл кітапханашысы Жанаргүл Мұқатайқызы оқырмандарға Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріп, кеңінен тоқталды. Оқырмандар мен Балжан апай арасында сұрақ-жауап форматында ашық әңгіме өтті. Сонымен қатар, бейнеролик көрсетіліп, арнайы ұйымдастырылған көрмемен таныстырылды.

Мақсаты: Оқырмандардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ана тіліне, әдет‐ғұрпына, салт‐дәстүріне деген құрметті қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.