«Желтоқсан – тәуелсіздікке бастар жол» атты тарихи‐танымдық сағат

Үшқұлын мектеп кітапханасында тәуелсіздік күніне орай жас оқырмандардың қатысуымен «Желтоқсан – тәуелсіздікке бастар жол» атты тарихи‐танымдық сағаты өткізілді.

Қазақстан тәуелсіздігі – халқымыздың ең ұлы тарихы, ең қастерлі құндылығы.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялады. Бұл күн – ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабалардың арманы орындалған тарихи сәт.