«Өшпес қалам» тақырыбында әдеби кеш

САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН – 130 ЖЫЛ

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Өшпес қалам» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты – қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, жазушы шығармаларындағы адамгершілік, еңбекқорлық, туған жерге сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды дәріптеу.
Іс‐шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, жас оқырмандар шығармашылығын мәнерлеп оқып танысты.
Қатысушылар Сапарғали Бегалин шығармаларының тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтіп, жазушының қазақ балалар әдебиетін дамытудағы рөліне тоқталды.