«Мейірім – рухани жан байлығы» атты әдеби ойын

Торайғыр ауыл кітапханасында жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың, айқын көрінісі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Мейірім – рухани жан байлығы» атты мәдениет ұжымы мен бірлесе ұйымдастыруымен әдеби ойыны өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, көмек көрсету, кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа баулу. Оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, ән айтып, ойындарға қатысып, сонында сыйлықтар табысталды. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір‐біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.