Мұса Шорман ауыл кітапханасында суырыпсалма ақын, композитор, ұлттық би өнерінің насихаттаушысы Жүнісбек Ахметұлы Жолдиновтың туғанына 130 жыл толуына орай, кітапханада «Өнер мәңгі өлмейді» атты кітап көрме безендіріліп, әдеби кеш өткізілді.
Кеш барысында кітапханашы Жанаргүл Мұқатайқызы ақынның өмір жолдары мен шығармашылықтарына тоқтала кетті. Кітапхана оқырмандары Қырықбаева Аяжан ақынның «Сабырлы мен Сабырсыз» өлең жолын оқыса, Төлеубек Раяна «Такаббар адам туралы» өлеңін оқыды. Аманжол Нұрәділ «Жылқышы» өлең жолдарын тебірене ортаға салды. Ардагер ұстаз, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Сандуғаш Кабиева апай кештің қадірлі қонағы болып оқырмандарға тілек ниетін білдірді. Кеш аясында ақын туралы бейнеролик көрсетіліп, рухани әсер сыйлады. Ақын мұрасы – мәңгілік.https://www.instagram.com/reel/DSreRsotTUj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==