«Кітап – сенің досың» атты әдеби сағат

Егіндібұлақ ауыл кітапханасы «Оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында жас оқырмандарға «Кітап – сенің досың» атты әдеби сағат өткізді.
Бұл іс‐шараның мақсаты жас оқырмандарды кітап оқуға, кітаппен дос болуға шақыру. Іс‐шара барысында оқырмандарға кітаптың адам өмірінде алатын орны және оның пайдасы туралы айтылып өтті. Сондай‐ақ суреттер арқылы мақал‐мәтелдерді құрап оқу болды.
Жас кітап сүйер оқырмандар кітап оқуға деген қызығушылықтарын танытып, сұрақ‐жауапқа белсене жауап берді.