Торайғыр ауыл кітапханасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдық – жарқын болашақтың кепілі» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен дебат өткізілді.
Шара барысында ауылдық аппараттың бас маманы Ғ.Ыбырай, жастар жөнінде маман З.Марат, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Солтанов пікір айтып, оқырмандардың ойы тыңдалды. Ситуациялық сұрақтар мен әрекеттер талқыланды. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең зиянды құбылыстардың бірі.
Әрбір азамат жемқорлыққа қарсы тұруды өзінен бастауы тиіс.