«М.Сәрсекеев – қазақ әдебиетінің айнасы» атты насихаттау шарасы

М.Сәрсекеевтің туғанына 90 жыл толуына орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «М.Сәрсекеев – қазақ әдебиетінің айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар арасында насихаттау шарасы өткізілді.
Көрме барысында кітапханашы оқырмандарға М.Сәрсекеевтің ғылыми‐көпшілік еңбектері, өмір жолы, әдеби мұрасы жайлы ақпарат беріп, жазушы туралы естеліктер айтылды. Қатысушылар көрмедегі кітаптармен танысып, пікір алмасты.
Шара мазмұнды өтті, оқырмандар жазушы еңбектеріне қызығушылық танытып, әдеби мұраны құрметтеудің маңыздылығын түсінді.