Торайғыр ауыл кітапханасында көрнекті жазушы, көсемсөз шебері, аудармашы, драматург Медеу Сарсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің биік тұғыры» атты кітап оқу марафоны өтті. Оқу марафоны кітапхана оқырмандары мен мекемелер, білім ордасының ұстаздарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Қаламгердің өмірі және шығармашылық жолын насихаттау, жастарды үлгі өнеге алуға баулу, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Сөздің кұнын көздің нұрындай қастерлеген қазақ үшін Медеу Сарсекенің тұғыры биік. Қаныш Сәтбаев, Ебіней Бөкетов, Ермұхан Бекмахановтай қазақтың мандайына біткен нар тұлғалардың өмір жолын зерттей келе, ел тарихына қайтаруға жарты ғасырлық ғұмырын арнаған жазушы.