«Оқығанды айтпа, тоқығанды айт» атты әдеби колейдоскоп

Лекер ауыл кітапханасында «Оқығанды айтпа, тоқығанды айт» атты әдеби колейдоскоп өтті.
Аталған әдеби колейдоскоп барысында қазақ әдебиетінің классиктері мен балалар әдебиетінің таңдаулы туындыларынан құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс‐шара барысында «Кейіпкерді тап» ойыны, әдеби жұмбақтар, сұрақ‐жауап және ой қозғау бөлімдері өткізілді.
Қатысушылар оқыған шығармалары бойынша өз пікірлерін білдіріп, кейіпкерлерге мінездеме берді, түйінді ойларымен бөлісті.