Аймауытов ауыл кітапханасында көрнекті жазушы, аудармашы, драматург Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Медеу Сәрсеке және ғылым әлемі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс‐шара барысында оқырмандарға Медеу Сәрсекенің еңбектері, өмір жолы мен мәдени мұрасы жайлы ақпарат берілді.
Мақсаты: М.Сәрсекенің ғылымды насихаттаудағы әдеби мұрасының маңызын ашу және кітап оқу арқылы танымдық қызығушылықтарын арттырып, жастарды зерттеушілік ойлауға, ғылыми кітаптарды оқуға баулу.