Үшқұлын ауыл кітапханасында әр жастағы оқырмандардың қатысуымен «Кітап менің досым» атты дауыстап кітап оқу сағаты өтті.
Шара барысында кейбір оқырмандар оқыған кітаптары туралы айтып, қызықты жерінен үзінді оқыса, басқалары мәнерлеп, дауыстап қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.