Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасы «Кітапта бар мол қазына» атты кітаптайм кеші өткізілді.
Аталған іс‐шара студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани және зияткерлік дамуын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Кеш барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойлар айтылып, әдеби шығармалардан үзінділер оқылды. Сонымен қатар, студенттер арасында викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесі ұсынылып, жаңа кітаптармен танысты. Кітаптайм кеші студенттер үшін танымды әрі тағылымды болды.