Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Мен оқыған қызықты кітап» атты іс‐шара онлайн форматта ұйымдастырылды.
Іс‐шараға Ш.Шөкин атындағы мектептің оқушылары қатысып, өздері оқыған кітаптары туралы қысқаша мәлімет жолдап, кітап оқып отырған сәттерінен фотосуреттермен бөлісті.
Іс‐шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және қашықтан байланыс арқылы кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.