Ақсан ауыл кітапханасы Жалғызқайын ауыл кітапханасымен бірлесе мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның туғанына – 315 жыл толуына орай «Абылай хан және тәуелсіздік мұраты» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Аталмыш іс‐шара барысында үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз‐тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген, қазақ тарихында өшпес орны қалған батыр бабамыз Абылай хан туралы айтылды. Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағлұмат берілді.