Үшқұлын ауыл кітапханасы мектеп кітапханасында мерейтой иелері мен атаулы күндерге арналған «Білім мен парасат бәйгесі» атты зияткерлік ойынын өткізді. Шараға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата‐аналар мен ауылдық клуб ұжымы қатысты.
«Білім мен парасат бәйгесі» зияткерлік ойыны. Бүгінгі мерекелік кешімізде біз елге еңбегі сіңген, саналы ғұмырын өнерге, білімге, ел дамуына арнаған мерейтой иелерін құрметтей отырып, зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Бұл ойын – білімді сынау ғана емес, ой ұшқырлығын, тапқырлық пен шапшаңдықты, ұлттық құндылықтарға деген құрметті көрсететін рухани сайыс.
Зияткерлік ойында қатысушылар тарих, әдебиет, мәдениет, салт‐дәстүр, мерейтой иелерінің өмірі мен еңбегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Әрбір кезең – білім мен парасаттың, достық пен сыйластықтың көрінісі болды.
Бұл сайыс жеңіске жету үшін ғана емес, бірге ой бөлісіп, танымды кеңейту, мерейтой иелерінің өнегелі жолын дәріптеу мақсатында өткізілді.