Құндыкөл ауыл кітапханасында, Қазақтың ұлы күйші‐композиторы, домбыра өнерінің биік шыңына көтерілген тұлға Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 220 жыл (1806-1879) толуына орай «Сағынышқа айналған сазгер» атты өнер сағаты өткізілді.
Шара барысында: Құрманғазы күй тартқанда домбыраның ішегі жиі үзіліп кететін болған – соншалықты күшпен, эмоциямен ойнаған.
Құрманғазы әділетсіздікке шыдамайтын, еркін рухты адам болған. Сол мінезі үшін бірнеше рет қудаланып, түрмеге де түскен. Бірақ сол ауыр кезеңдердің өзінде ол күй шығаруды тоқтатпаған. «Адай» – аса қуатты, екпінді күй. Аңыз бойынша, бұл күй Құрманғазының қуғыннан қашып, атпен шапқан сәттеріндегі рухын бейнелейді. Дина Нүрпейісованың ұстазы Құрманғазы – ұлы күйші Дина Нұрпейісованың тікелей ұстазы. Динаның үлкен сахнаға шығуына жол ашқан да Құрманғазы.
Құрманғазы тірі кезінде‐ақ аңыз адамға айналған. Халық оны тек күйші емес, еркіндіктің символы деп қабылдаған туралы мәліметтер беріліп, кітап кермесі ұйымдастырылып насихатталды.