Үшқұлын ауыл кітапханасында Баянауыл өлкесінің 200 жылдығына орай «Тарихы терең тамыр, Баянаула» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Биыл Баянауыл станицасының құрылғанына 200 жыл толып отыр. Бұл – тарихы терең, тағылымы мол өлкенің өткені мен бүгінін ұлықтайтын айтулы мереке. Екі ғасырлық тарихында Баянауыл өңірі елдің әлеуметтік, мәдени және рухани дамуына зор үлес қосты. Табиғаты көркем, халқы еңбекқор бұл мекен талай тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, бүгінгі күнге жетті. Мерейтой – өткенге тағзым, бүгінге тағылым, келешекке сенім білдіретін маңызды белес.