«Қазақ халқының біртуар қайраткері» атты әдеби кеш

Ақсан ауыл кітапханасында жазушы, драматург, аудармашы Қ.Д.Кеменгерұлының туғанына – 130 жыл толуына орай «Қазақ халқының біртуар қайраткері» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Алаш қайраткері, қаламгер Қошке Кеменгерұлының шығармашылығын таныту, еңбектеріндегі елдік мұрат идеясын насихаттау, алаш мұрасын, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезім рухын сіңіру.

Іс‐шара барысында қаламгер Қошке Кеменгерұлының 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз қазақ әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосқаны туралы оқырмандарға кеңінен насихатталды.
Сондай‐ақ, Қошке Кеменгерұлы драма саласында жемісті еңбек еткені жайлы айтылды.