Үшқұлын ауылдық клубында жасөспірімдер мен мектеп ұстаздарының қатысуымен «Заң мен тәртіп ортақ іс» атты кең көлемде іс‐шара өткізілді. Іс‐шараға Майқайың учаскелік бөлімшесінің полиция капитаны Нығмет Дидар қатысты.
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының, азаматтардың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірінің кепілі. Әрбір адам заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауға жауапты. Бүгінгі «Заң және тәртіп» іс‐шарасының мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, жас ұрпақтың заңға деген саналы көзқарасын қалыптастыру және әділ қоғам құндылықтарын насихаттау.
Бұл іс‐шара барысында заң талаптары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, тәртіп бұзудың алдын алу жолдары кеңінен таныстырылып көрініс қойылды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік.