“ Күй анасы — Дина” атты музыкалық кеш

Дина Нұрпейісова — қазақтың әйгілі күйші — композиторы, Құрманғазы дәстүрін жалғастырушы ұлы тұлға. Ол домбыра өнерін биік деңгейге көтеріп, ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосты.
Ағымдағы жылда Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толып отыр. Сол себепті, Қ. Исабай атындағы орталық аудандық кітапханасында Баянауыл көп салалы колледжінің студенттерімен “ Күй анасы — Дина” атты музыкалық кеш өтті. Шара, Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің оқушысы Әбіш Санжар Дина Нұрпейісованың күйлерінен бастау алып, колледж шәкірттеріне күйші Дина жайлы деректі фильм көрсетілді.
Динаның шығармашылығы қазақ күй өнерінің, баға жетпес мұрасы.