«Туған өлке тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел

Жаңатілек ауыл кітапханасында «Туған өлке тарихы» тақырыбында кітапхананың тұрақты оқырмандарымен дөңгелек үстел өткізілді. Туған өлке – әр адам үшін ең қымбат мекені. Әрбір өлкенің өзіне тән тарихы, табиғаты және мәдениеті бар. Осы жайында ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхаммед‐Қайыр Шәріпов ауылымыздың атақты адамдары мен киелі орындарын қысқаша таныстырды.
Мақсаты: Туған өлкенің тарихын білу – әр азаматтың парызы. Себебі өз жерінің өткенін білу арқылы болашаққа сеніммен қадам жасаймыз.