«Мақал‐мәтелдерді білесің бе?» атты әдеби ойын сағаты

Егіндібұлақ ауыл кітапханасы жас оқырмандарды әдебиетке баулу мақсатында «Мақал‐мәтелдерді білесің бе?» атты әдеби ойын сағатын өткізді.
Бұл іс‐шарада оқырмандар мақал‐мәтелдерді сурет арқылы жылдам тауып, құрастыра білу ойыны ойнатылды. Іс‐шарада оқырмандар шапшандық танытып белсене қатысты. Жеңімпаздарға кішігірім тәттілер таратылды. Іс‐шарамыз қызықты да мағыналы өтті.