«Мейірімділіктің жолы – жарқын жол» атты пікір сұқбат кеші

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Мейірімділікке құштар болайық» жобасы аясында «Мейірімділіктің жолы – жарқын жол» атты пікір сұқбат кеші өткізілді. Кешіміздің қоңағы талай жылдар бойы балалар кітапханасында қызмет жасаған, қазіргі таңда зейнеткер Кенжетаева Шолпан Маукенқызы болды. Сұқбат барысында кітапханасы мейірімділік туралы мағлұмат бере кетті. Кеш барысында оқырмандарымыз мейірімділік туралы сұрақтарын қойды.