«Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын» атты поэзия кеші

Ж.Аймауытов ауыл кітапханасында Қазақстанның халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын» атты поэзия кеші өткізілді.
Іс‐шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.
Мақсаты: Ақынның өлеңдері арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік, рухани тазалық пен ұлттық құндылықтарды сіңіру. Оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, әдеби тіл байлығын молайту және эстетикалық талғамын қалыптастыру.